Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476 – 481 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476 – 481,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 477 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.
2 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,16 теңгеге қымбаттап, 478, 15 теңге болған.
Ұлттық банктің 3 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 478, 35 теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу