Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522-529 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,06 теңге. Еуро – 547,88.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 526 теңге. Еуро 547 – 554теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 522 теңге, сатып алу құны – 529 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,02 - 5,12 аралығында саудаланып жатыр.