Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Көрсеткіш бір рубльге 6,5 теңге мен 7 теңге шамасында. Ал ресми бағам – 7,05 теңге.
Айта кететіні, Ресей валютасы долларға қатысты шамамен 4%-ға құнсызданды.
Дәл қазір оның 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы биржада 67 рубльге тұрақтады.
Бұл ретте сарапшылар рубльдің құлдырауының негізгі себебін атады.
Басты фактор – Ресей үшін мұнай бағасының құлдырауы. Жақында Ресей Қаржы министрлігі санкциялар мен шектеулер нәтижесінде Urals маркалы "қара алтын" бағасы барреліне 50 долларға дейін құлдырағанын ресми хабарлады.
Осылайша, 15 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Urals мұнайының орташа бағасы барреліне 57,5 АҚШ долларын құраса, осы кезеңдегі Brent мұнайының орташа бағасы барреліне 84 АҚШ долларға өсті.