Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522-527 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 525,5 теңге. Еуро 542-547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 523 теңге, сатып алу құны – 526 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17-5,25 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 23 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге қымбаттап, 522,19 теңге болған.