Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы қандай?

143

Ұлттық банктің 17 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 529,65 теңге. 

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы қандай? Фото: inbusiness.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 529-533 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532,3 теңге. Еуро 544-549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 531,5 теңге, сатып алу құны – 533 теңге. Еуро 544,5 теңгеден сатылып, 548,3 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09-5,18 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу