Ақша айырбастау пункттерінде доллар 481 теңгеден сатылуда

540

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 481 теңгеден сатылуда

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476-480 теңгеден сатылуда. 

Алматының ақша айырбастау орындарында – 476-481 теңгеден саудалануда.  

13 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге қымбаттап, 475,95 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 14 шілдеге бекіткен ресми бағамы – 475,91 теңге. 

Биржадағы сауданың аралық нәтижесін сағат 15:30-да белгілі болады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу