Ақша айырбастау пунктерінде доллар 500 теңгеден саудалануда

1235

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсті. 

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 500 теңгеден саудалануда

Қазақстан қор биржасында 15.00-дегі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 492,28 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сағат 11.00-дегі саудада доллар бағамы 489,57 теңге болған.  

Осылайша, Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы айтарлықтай әлсіреп, бір доллар 493,43 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 наурыздағы доллардың ресми бағамы 490,43 теңгені құрайды.  

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 499 теңге, сату – 504,12 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 495,24 теңгеден сатып алынып, 498,50 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу