Ақша айырбастау пункттерінде доллар 457- 459 теңгеден сатылып жатыр

345

27 желтоқсанға арналған валюта бағамы. 

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 457- 459 теңгеден сатылып жатыр Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк 27 желтоқсанға арналған валюта бағамын жариялады. Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 457– 459 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматының валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,3 – 459,7 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 457 – 459 теңге аралығында құбылып тұр.

Жалпы, Ұлттық банктің 27 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 456,22 теңге.

Сондай-ақ, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,99 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,03 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 26 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,30 теңгеге төмендеп 456,30 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу