Ақша айырбастау пункттеріне бақылау күшейтіледі

409

Құжат 2025 жылдың төртінші тоқсанында күшіне енеді.  

Ақша айырбастау пункттеріне бақылау күшейтіледі Фото: freepik.com

Ұлттық банк ақша айырбастау пункттеріне жаңа ережелер енгізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа талаптарға сәйкес, валюта айырбастайтын клиенттердің жеке деректерін тексеру күшейтіледі. Бұл шара заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастыруға қарсы талаптарға сай жүргізіледі.

Сонымен қатар оффшорлық аймақтардың тізімі нақтыланып, алтын құймаларын сатып алу мен сату кезінде клиенттерді тексеру тәртібі де қатаңдайды.

Айта кетейік, 2025 жылдың 9 қыркүйегінен бастап айырбастау пункттеріне сыртқы таблода валюта бағамдарын көрсетуге тыйым салынады.

Бағамдар тек пункт ішінде ғана көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу