Ақша айырбастау пункттерінің 64,4 пайызы банктердің меншігінде

1074

Ақша айырбастау пункттерінің 64,4 пайызы банктердің меншігінде

2017 жылы Қазақстанда жаңадан 81 ақша айырбастау пункттері ашылып, жалпы саны 2952-ге жетті деп хабарлайды 7kun.kz.

2016 жылы 92 жаңа ақша айырбастау пункттері өз жұмысын бастаған еді. Сондай-ақ, Қазақстандағы жалпы валюта айырбастау пункттерінің 64,4 пайызы немесе 1900-і әр түрлі банктердің меншігіне жатады. Банктерге тиіселі пункттердің саны 2017 жылы 29-ға көбейді. Ал 2015 жылы олардың саны 159-ға, 2016 жылы 119-ға түскен еді.

Банктерге қатысы жоқ валюта айырбастау пункттерінің саны үш жыл қатарынан өсіп келеді. 2017 жылы олардың саны 52-ге өсіп, 1052-ге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу