2016 жылы Қазақстаннан шетелге жөнелтілген қаржы көлемі 382,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға артық.
Алайда қаржының көлемі көбейгенімен, ақша аудару операцияларының саны керісінше, 3,1 пайызға қысқарған.
2016 жылы бір аударымның орташа көлемі 178,9 мың теңге болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 151,9 мың теңге болған еді.
Қаржы аудару әдістері жағынан бірінші орында "Золотая корона" жүйесі. Қазақстаннан шетелге аударылатын қаржының 39 пайызы осы жүйеге тиесілі.
Екінші орындағы Western Union жүйесінің көмегімен былтыр шетелге 78,3 млрд теңге жіберілсе, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,5%-ға артық.
Үшінші орында Contact жүйесі. Осы арқылы Қазақстан азаматтары мен елде тұрып жатқан шетелдіктер өзге елге 77,9 млрд теңге жіберген.