Ақша аударымдары жүйелері арқылы жасалған транзакциялар көлемі 1,5 есе артты

829

2021 жылдың сәуірінде 6,2 млрд теңгеге трансферттер жасалған. 

Ақша аударымдары жүйелері арқылы жасалған транзакциялар көлемі 1,5 есе артты

Биыл Қазақстан аумағында ақша аударымдары жүйелері арқылы жасалған транзакциялар көлемі айтарлықтай өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылдың сәуірінде аударымдар көлемі 6,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылғы сәуірден 76,6% артық.  Айта кететіні, аталған көрсеткіш ең жоғары айлық тарифтердің бірі.

Биылғы жылдың қаңтарынан сәуір айына дейін орташа есеппен трансферттер көлемі 5,2 млрд теңгені құрады.  Салыстыру үшін: 2020 жылы көрсеткіш небары 3,5 млрд теңгеге, 2019 жылы 2,8 млрд теңге болатын.  Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2018 жылы байқалған - 6,4 млрд теңге.

Жалпы, биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан аумағында жеке тұлғаларға ақша аудару жүйелері арқылы 20,9 млрд теңгеге трансферттер жүзеге асырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Транзакциялар саны 29,9%-ға, 4 айда 223,3 мыңға дейін өсті, нәтижесінде биыл бір аударымға орташа чек 82,3 мыңнан 93,8 мың теңгеге дейін өсті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу