Ақша аударымдарының көлемі 11,4%-ға ұлғайды

1080

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 19 төлем жүйесі жұмыс істеп тұр.  

Ақша аударымдарының көлемі 11,4%-ға ұлғайды Фото: inbusiness.kz

2021 жылғы ақпанда Ұлттық банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 58,7 трлн теңгеге 5,1 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда саны бойынша 37,0%-ға, сомасы бойынша – 5,5%-ға ұлғайды). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 2,9 трлн теңге сомасына 253,6 мың транзакция жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 наурызда 20 банк пен "Қазпошта" АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 50,3 млн бірлік болды. Оның ішінде 2021 жылғы ақпанда төлем карточкаларының 54,3%-ын ұстаушылар қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) ақшаны алу операцияларын жүргізу кезінде пайдаланды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2021 жылғы ақпанда 5,5 трлн теңгеге 387,8 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда транзакциялар саны 9%-ға, сомасы – 12%-ға ұлғайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың жалпы құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 94,4% (366,2 млн) болды. Осы кезеңдегі операция көлемі 74,2% (4,1 трлн теңге) болды.

2021 жылғы ақпанда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 65,6 млрд теңгеге 0,2 млн аударым болды.

2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда ақша аударымдарының көлемі 11,4%-ға ұлғайды. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінің ішінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санының 75,5%-ы (0,1 млн транзакция) және транзакциялардың жалпы сомасының 92,4%-ы (60,6 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жалпы санының 24,5%-ы (0,06 млн транзакция) және жалпы сомасының 7,6%-ы (5,0 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 21,6 млрд теңгеге 0,1 млн транзакция алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу