Мемлекеттің 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы ақша аударымы 83,1 млрд теңге болды. Бір жылдағы өсім 20,3 пайызды (14,0 млрд тг) құрады. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.
2017 жылдағы алғашқы үш айындағы транзакциялар саны 506,3 мыңды құрады. Ол 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы транзакциядан 19,7 пайызға көп. Дегенмен, ақша аударудың жылдық орташа көлемі өзгермеген. 2017 жылдың алғашқы тоқсанында бір транзакция 164,2 мың теңге, ал өткен жылы 163,4 мың теңге болған. Бір жылда 0,5 пайызға ғана өскен.
Қаржы нарығындағы жүйелердің атқарып жатқан жұмыстарында да бірқатар өзгерістер болды. Юнстрим белсенді түрде өз үлесін алса, Western Union керісінше, өз ұстанымын бәсеңдетіп жатыр.
2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында Алтын тәж (Золотая корона) жүйесі көш бастап тұр. Оның қаржы аударымдары 35,3 млрд теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 37,1 пайыздан 42,4 пайызға дейін өскен.
Екінші орында 13,5 млрд теңге көлемімен Western Union жүйесі тұр. Нарықтағы үлесі 24,9 пайыздан 16,2 паызға дейін төмендеген.
Ал Юнистим жүйесі 10,1 млрд теңгемен үшінші орынға тұрақтады. Нарықтағы үлесі 6,9%-дан 12,1%-ға дейін өскен.