"Ақша болғанда...": Түркістан облысында оқушыны аямай тепкілеген

841

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары да жауапкершілікке тартылатын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ақша болғанда...": Түркістан облысында оқушыны аямай тепкілеген Фото: Бейнежазбадан

Аталған оқиға Сарыағаш ауданында болды. Қазір кәмелетке толмаған жастар полицияға жеткізіліп, тергеу жүріп жатыр.

Сараптамалар да тағайындалған.

"Бүгінгі таңда жанжалдың шығу себептері анықталуда. Жәбірленуші анасымен бірге тұрады, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдың тұрғындары, жетінші және тоғызыншы сынып оқушылары. Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Ал, оқу орындарының басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады. Іс департамент бастығының бақылауында", - деді Түркістан облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу