Ақша да, жиһаз да жоқ: Астанада жалған тапсырыс қабылдаған алаяқтар сотталды

311

Жәбірленуші әлеуметтік желіде жиһаз дайындау туралы жарнаманы көріп, шарт жасасқан.  

Ақша да, жиһаз да жоқ: Астанада жалған тапсырыс қабылдаған алаяқтар сотталды Фото: pixabay.com

Өлшемдер алынғаннан кейін ол 4,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударған, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Осыдан кейін екі алаяқ онымен байланысқа шығуды тоқтатқан.

Олардың әрекеттерінен 19 азамат зардап шегіп, келтірілген залалдың жалпы сомасы 24,6 млн теңгеден асты.

Сотта мемлекеттік айыптаушы 2 сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

Сот үкімімен олардың әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылып, келтірілген залал сотталушылардан өндіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу