Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы әзірленіп жатыр

1031

Ұлттық банк жанынан комитет құрылады.

Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы әзірленіп жатыр

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қаржы реттеуші қандай жобаны жүзеге асырып жатқанын жариялады. 

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында ұлттық банк тиісті шара қабылдады. Президенттің бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес, қазір ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы әзірленіп жатыр. Стратегия елімізде 2025 жылға дейінгі жаңартылған стратегиялық даму жоспары қабылданғаннан кейін бекітіледі", – деді Ерболат Досаев. 

Ұлттық банк басшысының баяндауынша, ақша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру және валюта нарығын тұрақтандыру үшін үкіметпен бірлесіп, валюталық түсімді елге қайтаруға арналған қосымша шаралар қамтылады. Шара шеңберінде экспорттаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

"Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын жүзеге асыру үшін Ұлттық банк жанынан ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылады. Комитет базалық мөлшерлеме мен оның дәлізі бойынша стратегиялық шешім қабылдайды. Ортамерзімді перспективада оған тәуелсіз мүшелер кіреді. Заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер 2020 жылдың соңына дейін енгізіледі", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет 

Фото: Pixabay

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу