Ақша нарығында теріс сальдо қалыптасты

908

Маусым айының соңында Ұлттық банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы 5,4 трлн теңге болды. Ал тікелей репо операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 85,7 млрд теңгені құрады.  

Ақша нарығында теріс сальдо қалыптасты

Ұлттық банктің қаржы нарығындағы ахуал туралы есебінде осылай көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банк депозиттерінің көлемі 197,3 млрд теңге болды. Депозиттік аукцион арқылы алынатын өтімділік көлемі 1 688 млрд теңгеге жетті. Айналымдағы қысқамерзімді ноттардың көлемі бір айда 9,5%-ға ұлғайып, 3 474,7 млрд теңгені құрады", – деп жазды қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі. 

Мәлімделгендей, өткен айда 6 аукцион ұйымдастырылды. Оның ішінде 1 532,6 млрд теңгеге 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион, 531,4 млрд теңгеге 3 айлық ноттар бойынша 1 аукцион, 100 млрд теңгеге жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион өтті. Аукционның жалпы құны 2 164, млрд теңге болды. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу