Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет құрылды

1929

Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-несие саясатына мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер кіреді.  

Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет құрылды

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
2021 жылғы 2 қаңтардағы ҚР заңына сәйкес Ұлттық Банкте Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлады Реттеушінің баспасөз қызметі.

"Ақша-несие саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық Банк басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді", – деп жазылған хабарламада. 

"Ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің құрылуы инфляцияға бағытталған елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді және ақша-кредит саясаты шешімдерінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады", – деп хабарлады Ұлттық банк. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу