"Ақша сұраса бермеңіздер": Қорғаныс министрлігі баласы әскерде жүрген ата-аналарға үндеу жасады

1197

Ведомство мерзімді әскери қызметшілердің тамағы тоқ, киімі көк деп отыр.

"Ақша сұраса бермеңіздер": Қорғаныс министрлігі баласы әскерде жүрген ата-аналарға үндеу жасады Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскерде сарбаздардан ақша жинау мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мерзімді әскери қызметшілер өзінің ата-анасынан мың теңге, 2 мың теңге, 3 мың теңге сұрайтыны туралы әңгімелер бар. Оның бәрін сол жердегі офицер немесе сержант алдырып жатыр деп айтқан дұрыс ұғым деп ойламаймын. бізде бір жағдай болды. Бір офицер сарбаздардан 3 мың теңге алған. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер оның кінәлі екені анықталса, онда Қылмыстық кодекске сәйкес жазасын алады", - деді генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.

Айтуынша, сарбаздардың жағдайы жасалған. Қорғаныс министрінің орынбасары осыған байланысты ата-аналарға үндеу жасады.

"Әрбір мерзімді әскери қызметшінің киімі де, тамағы да – бәрі бар. Егер де ақша сұрайтын болса, оны беріп керек емес. Өзіне керек заттарды жалақысына алады. 3000 теңге жалақысы бар. Егер де басқа сұраныстары көбейіп жатса, барлығыңызда сол әскери бөлім командирінің, әскери полицияның телефон нөмірі бар. Бірден оларға ақпарат берулеріңізді сұраймын", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу