Ақша жылыстатуға қарсы елдердің рейтингінде 73 орындамыз

594

Ресейдің көрсеткіші біздікінен де төмен.  

Ақша жылыстатуға қарсы елдердің рейтингінде 73 орындамыз

Базель мемлекеттік басқару институтының рейтінгіне 141 ел кірген. Қазақстан осы тізімнің бел ортасынан орын тепті. Ақша жылыстатуға қарсы іс-қимыл көрсеткіші бойынша Basel AML Index-тің 73 орнына ие болған. Қаржы министрлігі осындай ақпарат таратып отыр. 

Бізге жақын елдердің ішінде Ресей 52, Түркия мен Өзбекстан 43, Украина 67 орында тұр. Яғни аталмыш елдердің көрсеткіші – біздегіден де нашар деген сөз.

"Бұл Қазақстан үшін кейінгі үш жылдағы ең бір жоғары көрсеткіш. Рейтингтегі жағдайымыз 2018 және 2019 жылдағыдан қарағанда 45 орынға жақсарған", – деп жазылған ресми мәліметте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу