"Ақшаны алғанда бәледей": Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарды

1068

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Кореядан Алматыға ұшқанда тосын жайтқа тап болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ақшаны алғанда бәледей": Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарды Фото: matritca.kz

– ...Қыдырған жақсы, үйің болған одан да жақсы. Ұшақта адам аз екен. Жаңа ұйықтаймын деп отыр едім. Бортсерік қызбен ұрысып қалдым. Неге дейсіздер ме? Мен одан екі түрлі дәм сұрадым. Бірі – сиыр еті, екіншісі – ащы тауық еті. "Бізде ол қалмады, бітіп қалды" деп тұр. Ұшақта адам аз. Қалай бітіп қалады? Түсініксіз. Біз не үшін бизнес класпен ұшамыз?! Қазақстанда да осындай мәселе алдыңнан шыға береді. Негізі аш та емеспін. Өйткені үйге барған сайын келіндерім сүрленген етін асып, күтіп алады. Сонда да бұлардың тірліктеріне таңғалдым, ашуландым. Ақшаны алғанда бәледей өздері. Осы ұшаққа мысалы үшін, 455 мыңға билет алдым. Енді соны қалайша реттемейді бұлар? Сол ақшаның ішіне тамақты неге кіргізбейді? Бұлардыкі мүлдем дұрыс емес, – деп ренішін білдірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу