Ақшаны шетелге тыққан олигархтардың тізімі жаңа есімдермен толықты

404

Ақшаны шетелге тыққан олигархтардың тізімі жаңа есімдермен толықты. Олардың қатарында елге танымал адамдар да бар.

Ақшаны шетелге тыққан олигархтардың тізімі жаңа есімдермен толықты Фото: Inbusiness.kz

Дәулеттілердің өздері күдікке ілінгендерін біліп отыр. Өйткені арнайы құрылған комитет оларға ескерту ретінде хабарлама жіберіп қойған. Сондықтан  заңсыз байығандардың әр қадамы жіті назарға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Елге жақсы таныс экс-шенеунік Әлихан Байменов пен Жақсыбек Құлекеев кім заңсыз байыды, кімнің шетелде вилла, яхта, ұшағы бар, кім шетелдік банктерде ақшасын тығып отырғанын беске біледі деуге болады. Өйткені олар активтерді қайтару жөніндегі комиссия мүшелігінде. Барлық бай-манаптардың есім-сойы солардың алдарында тұр. Сондықтан күдікке ілінген олигархтардың ішінде танымалы бар ма. Бір-екеуін атай аласыз ба деп хабарласқан едік.

"Адамдардың атын айтуға болмайды нақты. Өйткені ол өзі сондай келісімшарт. Ережесі солай. Өйткені ол ары қарай жұмысқа кедергі жасайды ғой. Тізім бекіту комиссия құзіретіне кіреді. Комитет дайындайды. Комиссия тізімге кіргізгеннен кейін ол адамға комитет ресми хат жібереді. Одан ары қарай ол адамның қаржы басқа белгілі бір деңгейде жариялылық қамтамасыз етіледі",- дейді Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия мүшесі Әлихан Бәйменов.

Иә, комиссия тізімді бекіткен соң, комитет хат жолдайды. Тек содан кейін тұлғалардың қадамы бақылауға алынады. Олардың өздері мойындап, қайтарғандарын күтеді. Көнбесе, прокуратура әрекет жасайды. Бірақ әбден ақша ұрлап машықтанған олигархтардан қулық артылсын ба. Кейде түсініксіз жайттар болып тұратын көренеді.

"Біраз активтердің шығу көздерінің түсініксіз екені анықталды. Яғни олардың заңдылығы дәлелденбейді. Сондықтан біз комиссияға ұсыныс енгіздік. Сотқа талап арыз беру арқылы ол активтерді мемлекет пайдасына шығу тегі, көздері түсініксіз актив ретінде мемлекетке өндіру туралы", - дейді ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков.

"Жайдан жай елдің айтып жүрген тізімін қоса салса, олардың әрқайсы байлар. Олардың заңгерлері бар ғой. Ал шетелдегіні қайтару үшін де шетелде Қазақстанның заңды шешімін талап етеді. Жай, мысалы үкімет айта салды. Ана үкімет қайтара салды деген жоқ. Өйткені меншік қорғалады ғой. Сондықтан ол үлкен дайындықты қажет етеді", -дейді Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия мүшесі Әлихан Бәйменов.

Десе де  комиссия жасалып жатқан шаралардың нәтижесі бар деп сендірді. Соңғы екі жылда 1 трлн теңгеге жуық активтің қайтарылуы соған дәлел.

"Шетелде де Қазақстанда да қымбат жылжымайтын мүліктері бар. Жылжымалы мүліктері бар. Ақшалай қаражат бар. Өндірілмген қылмыстық іс бойынша залал бар. Ол да ондаған млрд-пен есептеледі", - дейді ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков.

"Бүгінгі күні жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс шеңберінде 344 жылжымалы және жылжымайтын обьекті анықталды. Оның ішінде шетелде 131 обьекті. Біздің ортақ міндетіміз заңсыз шығарылған активтердің қамтамасыз ету және оларды қоғаммен елдің игілігі үшін пайдалану", - дейді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Ақшаны елге қайтарумен айналысатын топ үнемі әдіс пен механизімді жетілдіріп отырады. Өйткені процесс күрделі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу