Ақшасы жоқ адамдар тегін тамақтанатын орын ашылды

791

Ақшасы жоқ адамдар тегін тамақтанатын орын ашылды

Канаданың Монреаль қаласындағы шағын кафенің иесі қайырымды ісімен көпшілікті таңғалдырды.

Олар есіктің маңдайшасына: "Ақшасы жоқ адамдар осы жерден тегін тамақтана алады" деген жазуды іліп қойған. Бірінің ұлты – ирандық, енді бірі ирактық мұсылман кәсіпкерлер бұған дейін де мұқтаж адамдарды  тегін тамақтандырып келген. Алайда енді бұл сауапты істі арнайы хабарландыру жазу арқылы жандардырыпты.

Дәмхана иелерінің бірі Яхья Хашемидің айтуынша, көпшілік адамдар мұны жай ғана әзіл не адам тартудың айласы деп түсінеді екен. "Алайда бұл тіпті де олай емес. Біздің бұл қайырымды іске шамамыз әбден жетеді", – дейді ол.

Қаланың жергілікті тұрғындарының бірі бұл дәмхана жайлы facebook желісіне арнайы жазба таратқаннан кейін, кафенің беделі арта түсіп, танымал бола бастаған.  Жазбаны бір күннің ішінде 5000-нан аса адам оқыған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу