Ақшасын құмар ойынға жұмсаған білім және сәулет бөлімдерінің мамандары жұмыстан қуылды

407

Солтүстік Қазақстан облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ақшасын құмар ойынға жұмсаған білім және сәулет бөлімдерінің мамандары жұмыстан қуылды Фото: adyrna.kz

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, талдау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталған.

"Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы Заң талаптарын бұза отырып, "1XBET" букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде "ставкалар" қоюды жүзеге асырған. Осындай бұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде аталған қызметкерлер лауазымдарынан босатылған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың шілде айында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізіліп, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынған еді. Егер бұл талап бұзылса, қызметкер жұмыстан теріс себептермен босатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу