Ақшын базарындағы өрт: Кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді?

160

Қазір ғимарат әлі қоршалған. 

Ақшын базарындағы өрт: Кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді? Фото: видео скриншот

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өрттен зардап шеккен Ақшын базарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл бұрынғы орталық базар. Қазір ғимарат әлі қоршалған, онда ешқандай жұмыс басталған жоқ. Себебі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізілген сараптама бұл ғимараттың шамамен 40 пайызы қайта құруды қажет ететіндігін көрсетті. Базарда бутиктерді жалға алған адамдарға келсек, бастапқыда 212 адам екінші деңгейдегі банктер алдында несиелерді төлеу мерзімін шегеру туралы өтінішпен жүгінді. 39 адам бойынша оң шешім қабылданды, екеуіне бас тартылды, ал қалғаны қазір өз өтініштерін бермеген. Яғни, біз бұл жұмысты әлі де жалғастырып жатырмыз. Сондай-ақ қаланың базарлары мен сауда орталықтарында нарықтық бағадан сәл төмен шартпен оларға сауда орындарын ұсыну бойынша көмек көрсетілді",  – деді Нұрлан Ұранхаев тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек, осыған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Семей базарында өрттен зардап шеккен тұрғындардың мәселесіне қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу