Ақсу әкімі облыс басшысын сотқа берді

1140

Керекуде әкімдер дауы ушықты.  

  Ақсу әкімі облыс басшысын сотқа берді

Аймақтағы моноқала саналатын Ақсудың жетекшісі Нұржан Әшімбетов облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовты сотқа беруде, деп хабарлайды Аtameken Business.

Экс-мәжіліс депутаты Әшімбетов Ақсу қаласына биыл ғана, яғни 22 қаңтарда әкім болып тағайындалған. Бірақ арада 3 ай өтпей жатып, 1 сәуір күні облыс әкімі оған сөгіс жариялапты. Мұны өкпесі қара қазандай болған Әшімбетов әлеуметтік желіде өзі әйгіледі. Жазбаға қарағанда, аймақ басшысы оған "Бірінші тоқсанда Ақсудың әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу міндеттерін орындай алмады" деген кінә тағып, тәртіптік жазаға тартуға бұйрық шығарыпты. Бұған шамданған қала жетекшісі Сқақовты сотқа беруді жөн деп тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу