Ақсу электр станциясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті

1165

"ЕЭК" АҚ Ақсу электр станциясының мерейтойына орай энергетиктерге салалық наградалар мен автокөлік кілттері табысталды.

 Ақсу электр станциясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "ЕЭК" АҚ Ақсу электр станциясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды компанияның корпоративтік байланыстар қызметі.

Қуаты 300 мегават бірінші энергоблок 1968 жылы іске қосылған. Содан бері Ақсу станциясы 587 млрд кВтс электр энергиясын өндірді. Бұл шағын бір қаланы 6 000 жыл бойы энергиямен жабдықтауға жеткілікті.

Энергетиктер мерекесі Ақсу қаласындағы Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет үйінде өтті. Станцияда алғашқы болып еңбек еткен, олардың ісін жалғастырған және осы күнде де табысты еңбек етушілерге құрмет көрсетілді: бірінші энергоблокты іске қосуға қатысушылар, даңқты еңбек әулеттерінің өкілдері, еңбек сіңірген және құрметті энергетиктер, станцияның бұрынғы директорлары және "ЕЭК" АҚ қызметкерлері.

Жеті ардагерге алғыс ретінде Алматы қаласындағы "Оқжетпес" шипажайына сауықтыру жолдамасы берілді. Сондай-ақ, Ақсу электр станциясының үздік қызметкерлері грамоталармен, корпоративтік наградалармен, салалық ерекше белгілермен марапатталды. Мерейтой аясында кәсіпорынның 100-ге жуық қызметкері марапатталды. Олардың бесеуі автокөлік кілтіне ие болды. Іс-шараның ресми бөлігінде ҚР Халық әртісі Әлібек Дінішев өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу