Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты

708

Қайғылы оқиға кеше кешке орын алды.

Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты

Ақсу электр станциясы қазандық-турбиналық цехы қазандық бөлімшесіндегі жөндеу жұмыстары кезінде "ERG Service" ЖШС қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, оқыс оқиға кеше сағат 22.09-те қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істеп жатқан кезде болды. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына тоғыз минутта жетті. Алайда дәрігерлер келгенге дейін 1985 жылғы слесарь тіл тартпай кетті. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар аталған жағдайға байланысты тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Бұл – Павлодар облысындағы бір тәулік ішіндегі жалғыз жазатайым жағдай емес.

Облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінше еңбек ететін 31 жасар слесарь кеше 23.15-те жұмыс істеп жатқан, тереңдігі 10 метр болатын шахтаға құлап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1991 жылы туған ер адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, бел омыртқасының компрессиялық сынуы, екінші дәрежелі травматикалық шок алды. Қазір №1 қалалық ауруханада тиісті ем-домды қабылдауда.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу