"Ақсу ферроқорытпа зауытындағы № 6 цехын қайта жаңарту" инвестициялық жобасын іске асыру нәтижесінде зауыттағы барлық цехтың өнімділігі екі есе ұлғаяды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"№ 64 балқыту пеші герметикалық материалмен жабылатын болады. Күмбезінің оқшаулануы бүкіл ферроқорытпа газын аулап, пайдаға асыруға және олардың бір бөлігі шихталық материалдарды алдын ала қыздыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Балқыту үрдісі кезінде электр энергиясын тұтынуды едәуір азайтады. Агрегаттың жеке қуатты 63-тен 81 МВт дейін жетеді. Осыған орай, қуат коэффициенті өтемінің орнатылуымен түбегейлі жаңа трансформаторлар орнатылады және пештің өнімділігі 35 пайызға дейін ұлғаяды, – деді "Казгипроцветмет" ЖШС жоба инженері Андрей Васильев.
АФЗ бөлімшесі бойынша арнайы құрылған автоматтандырылған басқару жүйесі қайта жаңарту тобының жетекшісі Александр Шестаковтың айтуынша, жоба бірнеше жылда жүзеге асырылады. Бұл жұмыстың базалық инжинирингтік кезеңін 2014 жылы "Қазхром"ТҰК" АҚ үшін "TENOVA Pyromet" оңтүстік африкалық фирмасы жүргізіп, жабдықты жеткізіп беруді міндетін мойнына алып отыр. Жаңартылған пеш іске қосылып, технологиялық режим өтелгеннен соң цехтың қайта жаңартылуы одан әрі жалғастырылады. Кейін қалған № 61, № 62, № 63 агрегаттары да ауыстырылады. Жобаға сәйкес әрбір жаңа пештің өнімділігі жылына 159,3 мың тонна болады деп жоспарлап отыр. Ал барлық цехтың жылдық өнімділігі, қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін 637,2 мың тонна деңгейіне жетеді деген болжам жасалуда. Яғни, қазіргіден екі есе артық. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 326,3 мың тонна межесінде.
"Жобаның басым міндеттерінің бірі - қоршаған ортаны қорғау деңгейін айтарлықтай арттыру. Ферроқорытпа өндірісінде шығарылатын газдарды аулау жүйесіндегі негізгі міндеті болып табылатын Tenova Pyrometтің көмегімен цехта 99,9 пайыз ПӘК-мен соңғы үлгідегі екі газ тазалағыш аппараттары орнатылды. Олардың қолданылуы эмиссияның атмосфералық ауаға шығу мөлшерін төмендетеді", – деді қоғамдық тыңдауда Ақсу ферроқорытпа зауытының бас экологі Инна Давыдова.