Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында кезекті инвестициялық жылу-күш цехының газмазут қазандығын кеңейту жобасын іске асырды, деп хабарлайды pavkodarnews.kz.
Оны іске асыру кәсіпорынға бөлінетін газ-шаң көлемін 460 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде көмір шығынын 20 тоннаға және тұтынылатын мазут көлемін 500 тоннаға азайтады. Нәтижесінде жылыту маусымы барысында жыл сайын шамамен 140 миллион теңге үнемделеді. Газмазут қазандығын (ГҚҚ) жаңғырту жұмыстары 2012 жылы басталды. Осы уақыт ішінде дайындалған жобаға сәйкес бұрынғы газ көтеру станциясының ғимаратында жөндеу жүргізілді, қуаты сағатына 25 тонна екі заманауи қазандық агрегат сатып алынып, орнатылды және жаңа өндірістік нысанды автоматтандырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етті.
"Жыл сайын біздің кәсіпорында шамамен 600 миллион кубометр ферроқорытпа газы пайда болады. Қазандықта жылу энергиясын алу үшін және агломерациялық цехтағы агломерат өндірісінде бүгінгі күні осы көлемнің тек қана жартысы пайдаланылады. Бұндай газды жинақтау және сақтау технологиясы жоқ болғандықтан біз қалған газды тиімсіз арнайы күйдіру свечаларында жағып жібереміз. Құнды "жасыл" отынды жоғалтпау үшін оны тиімді пайдаланудың нұсқаларын іздестірудеміз. Олардың бірі – біздің газмазут қазандығымыз, екіншісі – №6 цехты жаңалау шеңберінде ферроқорытпа пештеріне арналған шикізатты жылыту жүйесін жасау, үшіншісі – бүгінгі күнге тоқтатылып қойған арнайы кокс өндірісінің учаскесінде заманауи қазандық агрегаттарды орнатудың перспективті жобасы", – деп атап өтті Ақсу ферроқорытпа зауытының энергетикалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Игорь Кулешов.