2022 жылдың 20 желтоқсаны күні сағат 08.21-де Ақсу ферроқорытпа зауытындағы балқыту цехында конвейер жабдығына қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған.
Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен адам Ақсу орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Оқиға туралы мемлекеттік мекемелерге хабарланып, тергеу басталды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
"Қазхром" ТҰК" АҚ басшылығы мен ұжымы марқұмның туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Отбасына барлық қажет көмек көрсетілетінін атап кетті.