Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшының қаза тапқаны туралы "Казхром" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Металды ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде ұсатушы қызметкер өмірге қауіпті ауыр жарақат алған", – деп хабарлады компания өкілдері.
Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар беріліп, тергеу жұмыстары басталды.
Компания басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмекті көрсететінін жеткізді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде осы Ақсу ферроқорытпа зауытында үш жұмысшы термиялық күйік алып, олардың бірі жансақтау бөліміне түскен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу