Ақсу қаласында субұрқаққа шомылған 3 жасар қызды тоқ соқты

1147

​Соңғы деректерге сай, бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақсу қаласында субұрқаққа шомылған 3 жасар қызды тоқ соқты Фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау басқармасы келтірген дерекке сай, 3 жас 9 айлық қыз баланы 3 маусым күні 15:53-те ауруханаға оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі жеткізген.

Куәгерлердің айтуынша, ол субұрқаққа түскен кезде тоқ соққан. Ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы ауыр болған, есін білмеген.

Бала жансақтау бөліміне жатқызылып, Ақсулық дәрігерлерге көмекке санавиациямен Павлодар қаласынан мамандар келген.

21 сағаттағы ахуал бойынша, баланың жағдайы жақсарған. Қазіргі сәтте есін жиған. Жіті емдеу және жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу