Ақсу қаласында үш жаңа автобус қолданысқа берілді

1013

Ақсу қаласында үш жаңа автобус қолданысқа берілді

Ақсу қаласында үш "Мерседес" маркалы автобусы қолданысқа берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

"АқсуТрансБизнес" ЖК-нің иесі Бекболат Ахметовтың айтуынша, жаңа қоғамдық көліктер енді №1, 4, 5 автобус бағыттары бойынша халықты тасымалдайды. Германиядан әкелінген қоғамдық көліктерде 34 орындық пен 63 тұратын орын қарастырылған. Ең бастысы, автобустарда арбадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы пандус пен жүргізушіге есік ашуды ескертетін түймешік бар.

"Фирмада бұған дейін 25 автобус қызмет көрсетіп келген болатын, енді олардың қатары 3 еуропалық көлікпен толыға түсті. Бұл қоғамдық көлікпен жиі  жүретін тұрғындарға тиімді әрі ыңғайлы болмақ. Содай-ақ, алдағы 5-6 жылда автобус паркін жаңартып, ескілерін бағыттан алып тастау жоспарда бар", - дейді фирма басшысы.

Айта кетерлігі, қоғамдық көліктер Ақсу қаласы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында сатып алынған. Жобаның жалпы құны 30 млн теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу