Ақсу қаласының мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінде өрт болды

706

Құтқарушылардың көмегімен оқиға орнынан сыртқа 38 адам шығарылған.

Ақсу қаласының мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінде өрт болды

Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері Ақсу қаласының мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінде өрт болды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Медициналық мекеме Ақсу қаласына қарасты Ақсу кентінде 8 Март көшесі, 2 А мекенжайы бойынша орналасқан. Тілсіз жаудың орын алғаны туралы кезекшілік бөліміне хабарлама сағат 15.06-да түсті. Бес қабатты ғимараттың төртінші және бесінші қабаттарында матрас пен екі шаршы метр аумақта линолеум жанған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ", - деді департаментте.

Құтқарушылардың көмегімен оқиға орнынан сыртқа 38 адам шығарылған.  

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімінен 16 адам мен төрт техника жұмылдырылып, сағат 15.33-те толығымен сөндірілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу