Олар облыстағы балық шаруашылығын аяқтан шалған. Кәсіпкер 2 бірдей сотта құқығын қорғағанымен ақсулық шенділер сот шешімін орындаудан бас тартып, қарсы шағым түсіріпті. Осыдан кейін балық шаруашылығының басшысы өңірдегі кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесіне жүгінеді.
Жиында Ақсу қаласының әкімдігі өз әрекеттері үшін тұшымды жауап бере алмай мүдірді. Енді Ақсу қаласының жер қатынастары бөліміне бірнеше құзырлы орган өз салалары бойынша кешенді тексеру жүргізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу