Ақсу қант зауыты 10 жылдан кейін қайта іске қосылды

1538

Ақсу қант зауыты 10 жылдан кейін қайта іске қосылды

Алматы облысындағы Ақсу қант зауытында арадағы он жылдық үзілістен кейін алғашқы қант алынды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Ақсу қант зауытына қант қызылшасы Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарынан жеткізілуде. Қазіргі кезде кәсіпорынның қызылша жинақтау алаңында 80 мың тонна тәтті түбір жатыр. Бүгінгі күні зауыт 2 мың тонна шикізат өңдеп, алғашқы қантын алды.
"Енді біздің облыста екі қант зауыты – Көксу және Ақсу зауыттары жұмыс істейді, екеуі бірігіп жыл сайын 500 мың тоннадан астам қант қызылшасын өңдей алады. Мұнан кейін алда Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын іске қосу жоспары тұр. Сол сияқты шағын қуаттылықтағы зауыттар салуды да ойластырып жатырмыз. Бүгінгі күні біз облыстың жылына шамамен 35 мың тонна қантқа деген сұранысын жаба аламыз", - дейді зауыттың жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан облыс әкімі Амандық Баталов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу