Ақсу қант зауыты желтоқсанда ашылады

812

Ақсу қант зауыты желтоқсанда ашылады

Алматы облысындағы Ақсу қант зауыты желтоқсан айында жұмыс істей бастайды.

Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі кәсіпорынды жаңғыртуға 15 млрд теңге инвестиция құюға дайын. Күрделі жөндеу жұмысына мемлекет 2 млрд теңге бөледі. Зауытты қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ақсу қант зауытында биылдың өзінде 100 мың тоннадан астам қызылша өңделеді деп жоспарланып отыр.

Ақсу қант зауыты осыдан 10 жыл бұрын тоқтап қалған еді. Кәсіпорын жабылған соң 40 мыңнан астам халқы бар Ақсу ауданының тұрғындары қызылшадан қол үзіп, басқа жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Зауытқа жаңа инвестордың келуі жергілікті шаруалар үшін өте үлкен қуаныш.

Бұл шаруашылық өткен жылы қызылшаның әр гектарынан 700 центнерден өнім алды. Оған жаңа технология мен қожалық жанынан сервистік дайындау орталығының ашылуы оң ықпал етті. Орталықтағы техникалар көктемгі дала жұмыстары мен жиын-терін науқаны кезінде өңірдегі өзге де шаруаларға көмек көрсетеді.

Зауытта күрделі жөндеу басталып кетті. Жаңғырту жұмысының бірінші кезеңіне 8 млрд теңге қаралған. Кәсіпорының кей желілері толығымен ауыстырылып, заманауи қондырғылар орнатылады.

Ақсу қант зауытын іске қосудың арқасында егіс алқабы мен атқарылатын жұмыстың ауқымы да әжептәуір ұлғая түспек. Алматы облысының шаруалары биыл 300 мың тонна қызылша жинаймыз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу