Ақсу өңірінде мал жаю ережесін бұзған 200-ден астам адам жазаланды

118

Ауыл тұрғындарына малды тиісті жерде ұстау және жаю, жануарлардың автожолға шығып кетуіне жол бермеу қажеттігін түсіндірілді.    

Ақсу өңірінде мал жаю ережесін бұзған 200-ден астам адам жазаланды Фото: 018.kz

Ақсу өңірінде мал жаю талаптарын бұзған 200-ден астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарына малды тиісті жерде ұстау және жаю, сондай-ақ жануарлардың автожолға шығып кетуіне жол бермеу қажеттігін түсіндіріп жатыр.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, жолда қараусыз жүрген мал жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Полиция мал иелерін жануарларын қараусыз қалдырмауға, арнайы белгіленген орындарда ұстауға және олардың жолға шығып кетуіне жол бермеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу