Ақсу өзеніне суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің мәйіті табылды

731

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің мәйіті табылды. Саяхаттау кезінде суға батып кеткен шетелдік студенттің мәйіті 26-маусымнан бері іздестіріліп жатқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақсу өзеніне суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің мәйіті табылды Фото: Түркістан облыстық ТЖД

Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Ханарық ауылының төмен жағында Ақсу өзенінен мәйітті тапқан. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

"Тағы бір шетелдің студенттің мәйітін іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Бұл жұмыстарға Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылған",- делінген хабарламада.

Еске салайық, 26 маусымда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының шетелдік студенттері Ақсу-Жабағылы қорығына демалуға келіп шомылып жүргенде, екі жігітті су иірімі тартып әкеткен болатын. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген болып шықты. Барлығы - Үндістан Республикасының азаматтары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу