Ақсу өзенінен табылған әйелдің өліміне қатысты деректер белгілі болды

498

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Ақсу өзенінен табылған әйелдің өліміне қатысты деректер белгілі болды Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің көршісі – Төлеби ауданының тұрғыны ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті көршісінен алған қарызды қайтармау үшін одан құтылуға әрекеттенген. Осылайша жәбірленушіні өзенге алдап апарып, жартастан итеріп жібереді. Әйел адам оқиға орнында көз жұмған.

Бүгінде күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кету керек, 10 қазанда Төлеби ауданының полиция бөліміне Ақсу өзенінде мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары қаза тапқан адамның Төлеби ауданының тұрғыны екенін анықтады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу