Ақсу су құбырын қайта құруға бөлінген 340 млн теңгені жымқыру фактісі анықталды

753

Айыпталушылар 9 және 7 жылға сотталды. 

Ақсу су құбырын қайта құруға бөлінген 340 млн теңгені жымқыру фактісі анықталды

Павлодар облысы бойынша АФМ аумақтық басқармасымен Ақсу су құбырын қайта құруға бөлінген 340 млн теңгені ұрлану фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, "Дала" ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 млн теңге материалдық залал келтірілген, бұл қомақты сома", – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің атына оны мемлекеттік награда – "Ерен еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныспен 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековты 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу