Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс үстінде екі бірдей кран машинисі күйіп қалғаны туралы хабарлаған едік. Оның бірі үйіне жіберілсе, екіншісі ауыр жағдаймен ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Аталған кәсіпорынның екі кран машинисі күйіп, оның бірі ауруханаға жатқызылғанын еді.
Кейін жас қыздың денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды. Қыз ауруханада комаға түсті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің ауруханада көз жұмғаны туралы хабарланды.
"25 жасар пациент Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға 25 мамыр күні жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды. Барлық емдеу шаралары толыққанды жүргізілгеніне қарамастан ол ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді басқармадан.
Күйік шалған екі қыздың бірінің жағдайы қалыпты, қазіргі уақытта амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Өндіріс орнында болған жазатайым оқиға бойынша өңірлік еңбек басқармасы тексеру шараларын жүргізуді бастады.