Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында халықаралық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлаған едік. Биыл екінші рет өткен "Туған жерге туыңды тік!" атты сол жыр додаcы бүгін өз мәресіне жетті. Бұл туралы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасына жазды.
"Бас жүлде Рүстем Қайыртайұлы - 2 000 000 теңге
1-орын Ринат Зайытов - 1 000 000 теңге
2-орын Жансая Мусина - 750 000 теңге
3-орын Жарқынбек Бердібекұлы - 500 000 теңге
Арнайы жүлде: Мұхтар Ниязов және Аспанбек Шугатаев - 300 000 теңгеден
Ақсуат айтысының степендиаты 100 000 теңгеден бір жыл бойы екі ақынға тағайындалды, иегерлері Калижан Билдаш және Шұғайып Сезімxан", - деп жазды ол.
Айтысқа Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мухтар Ниязов, Төлеген Жаманов, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Қалижан Білдәшев, Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезімхан сияқты танымал он ақынмен қатар Қытай, Моңғолиядан азулы ақындар қатысты.