Биылғы көктемде Ақсу қаласында бір жарым мың шетен, қайың, емен, терек, қарағай отырғызылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарынан хабарланғандай, тазалық айлығы аясында екі рет сенбілік және тазалық шараларын сақтау мақсатында "Таза жұма" акциясы өтеді.
"Айлық барысында жолдарды белгілеу және жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 21-сәуірде Ақсу қаласы Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күні республикалық акциясына қатысады. Бұл күні 6 мыңнан астам ағаш әктеліп, ескерткіштер мен саябақтар ретке келтіріледі. Дератизациялық өңдеу жұмыстарымен тұрғын үй, мемлекеттік мекемелердің жертөлелері, саябақтар, күл-қоқыстар жинайтын алаңдар қамтылуда. Дератизациялық өндеу жұмыстары күз мезгілінде де қайталанады", - деді бөлімде.
Айта кетейік, Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтарын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру мақсатында 2 сәуір – 2 мамыр аралығы тазалық айлығы болып жарияланған.