Ақсуда 291 млн теңгені жымқыру ісі бойынша үкім шықты

91

Сотталғандар – қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер.  

Ақсуда 291 млн теңгені жымқыру ісі бойынша үкім шықты Фото: sskaz.kz

Ақсу қаласының ауданаралық соты бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін екі адамды 7 жылға соттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу 2024 жылы төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына қатысты орындалған жұмыстар актілерінің заңсыз рәсімделгенін анықтады. Мемлекетке келтірілген залал 290 млн теңгеден асты.

Іс қоғамдық назарда өтті, процеске мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу