"Ер адам ұсталды": Ақсуда әйел адамның мүрдесі жантүршігерлік жағдайда табылды

379

Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

"Ер адам ұсталды": Ақсуда әйел адамның мүрдесі жантүршігерлік жағдайда табылды Фото: inbusiness.kz

Облыстық полиция департаменті адам өлтірді деген күдікпен ер азаматты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйел адамның мәйітінің табылғаны туралы ақпарат бүгін телеграм арнасында хабарланды.

Хабарлама авторының айтуынша, мүрде Ақсу ферроқорытпа зауытынан үш шақырым жерде, Ақсу қаласы бағытында табылған.

Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Ақсу қаласында әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу