Ақсуда 5 жасар қыз ойнап жүріп ыстық су толы шұңқырға құлап кеткен

151

2019 жылы туған бүлдіршін құбырдан аққан ыстық судан пайда болған орға түсіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақсуда 5 жасар қыз ойнап жүріп ыстық су толы шұңқырға құлап кеткен Фото: canva

Әкімдік мәліметінше, оқиға Әуезов көшесіндегі "Чайка" дүкенінің маңында болған. 

Зардап шеккен қыз Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер оның кеуде, арқа және бел аймағын 1-3 дәрежелі күйік шалғанын анықтады. Денесінің 17 пайызы зақымданған.

Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, ол травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу