Ақсуда пышақталған әйел мен екі баланың денелері табылды

638

Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп, тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.  

Ақсуда пышақталған әйел мен екі баланың денелері табылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  12 шілде күні сағат 11.40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы шықты. Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, тұрғындардан  сұрастыруда, - дейді департаментте.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу